ИРАННЫҢ ЮНЕСКО ҚОРҒАЙТЫН ТАРИХИ-СӘУЛЕТТІК МҰРАЛАРЫМЕН ТАНЫСУ
19 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде Иранның тарихи-мәдени мұрасына арналған көрме аясында бірінші курс студенттері Иранның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген сәулет ескерткіштерімен танысты.
Студенттер Персепольдің көне қирандылары, Исфахандағы Имам алаңы, Тегерандағы Гүлстан сарайы және Солтание күмбезі сияқты тарихи нысандар туралы мәлімет алды. Бұл ескерткіштер Иранның бай тарихын, сәулет өнерінің ерекшеліктерін және мәдени мұрасының әлемдік маңызын айқындайды.
Көрме студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, әлемдік мәдени мұраны сақтау мен құрметтеудің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.
_Q6pTRDO.jpg)

