ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ ИРАННЫҢ ӘЛЕМДІК МӘДЕНИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
27 қазан 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейінде Иранның тарихи және сәулет ескерткіштеріне арналған көрме аясында студенттерге танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында студенттер Иранның ежелгі өркениеті мен сәулет өнерінің көрнекті үлгілері туралы ақпарат алды. Атап айтқанда, Персеполь археологиялық кешені, Исфахандағы Имам алаңы, Гүлстан сарайы және Солтание күмбезінің тарихымен танысты. Бұл нысандар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізіліп, адамзаттың ортақ мәдени құндылықтары ретінде ерекше маңызға ие.
Осындай мәдени-ағартушылық іс-шаралар студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, әлем халықтарының мәдени мұрасына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.


