ҚазҰУ-да сөз құдіретіне арналған ғылыми жиын өтті — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да сөз құдіретіне арналған ғылыми жиын өтті

30 қазан 2026
ҚазҰУ-да сөз құдіретіне арналған ғылыми жиын өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сөз – әлем әміршісі: сөз өнері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиынға отандық және шетелдік әдебиеттанушылар, абайтанушылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар мен магистранттар қатысты. 

Конференцияны ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ыбраимов ашып, университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың құттықтау хатын оқып берді. 

Пленарлық отырыс аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақұлының 80 жылдық мерейтойына арналған Дандай Ысқақұлының 10 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.  

Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Жанғара Дәдебайұлы өз кезегінде «Ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымы өте кең. Олар қазақ әдеби сынының тарихы мен теориясын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын, ұлттық жаңғырудың қазақ тілі мен әдебиетімен байланысын және басқа да өзекті мәселелерді қамтиды», – деп атап өтті. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі