«AI-Sana Startup Challenge 2026» студенттік стартап-жобалар байқауы өтеді — ҚазҰУ

«AI-Sana Startup Challenge 2026» студенттік стартап-жобалар байқауы өтеді

10 қараша 2026 – 10 қараша 2026

«AI-Sana Startup Challenge 2026» студенттік стартап-жобалар байқауы өтеді

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерді «Digital Qazaqstan Day – 2026» іс-шарасы мен AI-Sana бағдарламасы аясында 2026 жылғы 10 қарашада өтетін «AI-Sana Startup Challenge 2026» студенттік стартап-жобалар байқауына қатысуға шақырады.

Байқаудың мақсаты – студенттердің жасанды интеллект саласындағы инновациялық идеяларын қолдау, стартап мәдениетін дамыту және болашағы зор технологиялық жобаларды таныстыру.

Байқаудың міндеттері – перспективалы AI-стартаптарды анықтау, кәсіпкерлік және жобаны таныстыру дағдыларын дамыту, IT саласының сарапшылары және әлеуетті инвесторлармен байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

Байқауға келесі бағыттардағы жобалар қабылданады:

– білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы жасанды интеллект;

– өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы және бизнестегі ЖИ;

– ақылды қалалар, мемлекеттік сервистер, қауіпсіздік және экология;

– қазақ тілі мен мәдениетіне арналған ЖИ және өзге қолданбалы шешімдер.

Қатысу шарттары. Құрамында 1-5 студент бар командалар, оның ішінде факультетаралық және ЖООаралық командалар қатыса алады. Қатысу тегін. Жоба команданың өз әзірлемесі болуы және жасанды интеллект өнімнің немесе қызметтің негізін құрауы тиіс.

Байқау форматы. Офлайн питч-сессия: жобаны таныстыруға 5 минутқа дейін және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 2 минутқа дейін беріледі. Презентация PDF немесе PPTX форматында 10 слайдтан аспауы тиіс.

Мерзімдері. Өтінімдер мен питч-дектер 2026 жылғы 2-8 қараша аралығында, 8 қараша сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Презентацияның соңғы нұсқасы 9 қараша сағат 12:00-ге дейін ұсынылады. 

Тіркелу: https://forms.gle/2rEYwXQVUGi7cHWz8 

Байқау ережесі: қарау

Марапаттау. I, II және III орын алған командалар дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталады; барлық қатысушы командаларға сертификаттар беріледі. Марапаттау «FARABI AI & INNOVATION FORUM 2026: Идеядан – инновацияға» аясында өтеді.

Өтетін орны мен уақыты. 2026 жылғы 10 қараша, 10:00 – 12:30, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71/23, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, KazLAE орталығы.

Жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері; презентациялық материалдарды ағылшын тілінде де ұсынуға болады.

Құрметпен,

«AI-Sana Startup Challenge 2026» ұйымдастыру комитеті