МЕН және КОРЕЯ Farabi University

МЕН және КОРЕЯ

16 мамыр, 2021

2020 жылдың 29 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шин сэдэ» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі У.А.Амирбекова, аға оқытушы Б.Ж.Ташкенбаева және 2 курс студенттері Мэлс Инабат, Мединаева Майя, Жуаныш Әлия, Курванжанова Арзигуль, Есмаганбет Динара, Тлектес Назерке, Жақсылық Нұржанаттың ұйымдастыруымен корейтану апталығының аясында «Мен және Корея» атты викторина өткізілді.

Викторинаға 1, 2 курс студенттері қатысты. Бірінші курс студенттеріне екінші курс студенттері бағыт-бағдар беру арқылы Корея жайлы қазіргі жастарға қызықты мәліметтер мен ойындар ұйымдастырып берді. Айта кетер болсақ, Мэлс Инабат, Курванжанова Арзигуль дорамалар жайлы қызықты сұрақтар дайындаса, Мединаева Майя K-POP жайлы ойындар ұйымдастырды. Сонымен қоса, Тлектес Назерке мен Есмаганбет Динара Кореяның тарихын айта отырып қызықты мәліметтермен бөліссе, Жақсылық Нұржанат корей тілін үйренуде өз кеңестерін презентация арқылы ұсынды. Бұл іс-шара еркін және қызықты ойындарға толы болды. Бірінші курс студенттері өзара төрт топқа бөлініп, жарыса отырып белсене атсалысты. Студенттер іс-шара соңында өз сұрақтарын қойып, көптеген танымдық мағлұматтар алды. Және де өз алғыстарын білдірді. Онлайн форматта өткен бұл викторина студенттердің бір-біріне деген жылы лебіздерімен аяқталып, жеңіске жеткен үшінші топқа кішігірім сыйлықтар ұсынылды.