Aiplus білім беру орталығымен ынтымақтастық: болашақ мұғалімдер үшін табысты жұмысқа орналасу жолы

19 қаңтар, 2023

Кәсіби даму және мансап кеңсесінің қызметкерлері мен Aiplus білім беру орталығының қызметкерлері арасында кездесу өтті. Кездесу біздің студенттер мен түлектерге, әсіресе педагогика саласына мамандарға арналған практиканың, тағылымдаманың және жұмысқа орналасудың негізгі аспектілеріне арналды.

Кездесуде келесі маңызды мәселелер талқыланды:

  • Педагогикалық мамандарды қолдау: білім беруде мансапқа ұмтылатын біздің студенттер мен түлектерді қолдау шаралары мен мүмкіндіктері, сонымен қатар білім беру саласында практика мен тағылымдамадан өту орындарын қамтамасыз ету мәселелері;
  • Кәсіби даму: түлектеріміздің әрі қарай кәсіби дамуының мүмкіндіктері, оларға табысты педагог болуға көмектесетін оқыту курстары, тренингтер мен бағдарламалар ұйымдастыру мәселелері;
  • Жұмысқа орналастыру: түлектерімізді білім беру саласында табысты жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар мен стратегиялар; білім беру мекемелерімен және және мектептермен серіктестік мүмкіндіктері;
  • Бірлескен жобалар: біздің университет пен Aiplus білім беру орталығы арасындағы өзара әрекеттесуді күшейтетін бірлескен жобалар мен бастамалардың идеялары талқыланды.

Бұл жұмыс кездесуі біздің студенттеріміз бен түлектерімізді білім берудегі табысты мансап жолында сапалы қолдаумен қамтамасыз етуге деген ұмтылысымызды атап өтті. Біз Aiplus білім беру орталығымен ынтымақтастық болашақ мұғалімдер үшін жаңа көкжиектер ашады және олардың дайындығы мен жұмысқа орналасуын тиімдірек етеді деп сенеміз. Осы ынтымақтастықтың одан әрі қадамдарын және біздің түлектеріміздің білім беру саласындағы көптеген табысты мансаптық жетістіктерін асыға күтеміз.