ТДМ-4: Білімді, өнерлі ұрпақ – ел келешегі
                        15 қыркүйек, 2023                    
                
                Әлемде сауаттылықтың деңгейін көтерудің түрлі жолдары бар. Біздің университетімізде сапалы біліммен қатар жастардың тәлім-тәрбиесіне, өнерін дамытуға мүмкіндіктер көп. Бұл студенттердің тұлғалық қалыптасуына орасан зор мүмкіндік береді. Тұрақты даму мақсаттарындағы «Сапалы білім» (ТДМ 4) бағытын қолдай отырып, білім ала жүріп жастар өзінің дарынын дамытып, үлкен сахналарда, өнер бәйгелеріне қатысуға мүмкіндіктері мол.
Жақында өткен «Студенттік қабылдау» кешінде университетімізде білім алушы студенттердің өнеріне тәнті болдық. Композициялық қойылымдардың мағынасы терең, философиялық ой-толғамдар Әл-Фараби бейнесімен айтылуы шынайы сахналанды. Өнерлі «Фараб» би тобының «Білім шырағы» қойылымы да өте әсерлі, кештің сәнін кіргізді.
.jpeg)

Басқа жаңалықтар
                                
                                    2 қараша, 2025                                
                            
                                
                                    26 қазан, 2025                                
                            
                                
                                    25 қазан, 2025