Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлеріне арналған онлайн оқыту семинары

12 қыркүйек, 2023

2023 жылдың 12 қыркүйек күні әл-Фараби ҚазҰУ қызметкерлері бағдарламалық және бастапқы аккредиттеу шеңберінде өзін-өзі бағалау туралы есеп құрастыруға арналған оқыту семинарына қатысты. Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) ұйымдастырған бұл семинар білім беру қызметкерлеріне жоғары стандарттарға қол жеткізуге және білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау есептерінің сапасына кепілдік беруге бағытталған.

Семинар мақсаты қатысушыларға аккредиттеу процесін сәтті аяқтау үшін қажетті білім мен құралдарды ұсыну болды. Семинарға қатысушылар сапа стандарттарын және аккредиттеуге дайындықтың маңызды кезеңдерін зерделеуге мүмкіндік алды.

Семинар қатысушыларға тәжірибе алмасуға, сұрақтар қоюға және аккредиттеу саласындағы сарапшылардан сындарлы кері байланыс алуға мүмкіндік берді.