![](/storage/news/343006386465cb19d34798c878344877_314041539965c4e6c765f8d476288207_WhatsApp Image 2024-02-08 at 185436 (1).jpeg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 25 қыркүйек күні «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Сайлауалды конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлау қорытындысы бойынша Нұрқияс Аяна 108 дауыспен «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы болып ресми түрде сайланды! Конференция отырысын Бейнұр Әбдизамықызы өз төрағалығымен қорытындылады.
Жаңа төрағаны шын жүректен құттықтаймыз және алдағы жұмысына табыс тілейміз!