ҚазҰУ-да «Farabi Chem Science» кластері ашылады
3 маусым
2024 жылдың 1 маусымында сағат 12:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Farabi Chem Science» кластерінің ашылу рәсімі өтеді.
Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Гарвард университетінің профессоры, эксперт-ғалым Марк Эллиот, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, белгілі ғалымдар мен профессорлар қатысады.
Жаңа химиялық ғылыми класстерінің құрамына 9 зертхана кіреді.
Өтетін орны:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Химия және химиялық технологиялар факультеті.
Уақыты: 1 маусым, сағат 12:00.
Басқа хабарландырулар
28 қараша
ҚазҰУ-да АҚШ ғалымы көшбасшылық дәріс оқиды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы Peri-Nuc Labs компаниясының негізін қалаушы және бас директоры, белгілі профессор, ғалым Шайкен Тәттім «Қатерлі ісіктің табиғаты және онкологиялық аурулармен күрес жолдары» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқиды.
27 қараша
Цитоматрицаны зерттеу жөніндегі Қазақстан-Америка орталығы ашылады
2025 жылдың 27 қарашасында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Цитоматрицаны зерттеу жөніндегі Қазақстан-Америка орталығының салтанатты ашылуы өтеді.
15 қыркүйек-17 қыркүйек
«Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
15-17 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.