Түлектерге диплом табыстау рәсіміндегі сөзі

21 июня, 2024

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!

Қадірлі ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшелері!

Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері!

Жас түлектер, ата-аналар!

Бүгін университетімізде айрықша күн, ерекше толқынысты сәт.

3702 түлек қолдарына диплом алады.

Бұл – университетпен бірге, 3702 отбасының көптен күткен қуанышы.

Соның ішінде 2143 жас маман бакалавриатты бітіріп, үлкен өмірге қадам баспақ.

Оның  үштен бірі, яғни 659 бітіруші – «Үздік диплом» иегері.

Құтты болсын!

Ортамызда «магистр» дәрежесін аяқтаған 1559 түлек отыр.

Сонымен қатар биыл әлемнің 60-қа жуық мемлекетінен келген 1325 шетел азаматы дипломдарын алып, Отандарына оралмақ.

Барлық бітіруші жастарымызға сәт-сапар, ақ жол тілеймін!

 

 

Уважаемые выпускники!

Глава государства Касым-Жомарт Токаев на заседании Национального курултая «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» отметил:

«Настоящего успеха в жизни может добиться только трудолюбивый человек, преданный делу профессионал.

Я как Глава государства, выступаю за то, чтобы наши граждане, в особенности молодежь, были хорошо образованными и обладали широким кругозором.

Народная мудрость гласит: «Водрузи свой флаг на родной земле».

Молодое поколение должно правильно понимать глубинный смысл этих слов».

В этой связи хочу пожелать выпускникам, чтобы во взрослой жизни вас всегда сопутствовали успех и удачи.

Идите к намеченной цели, используя знания и навыки, которые получили от наших профессоров и преподавателей.

Работайте над собой, государство открывает перед вами множество возможностей.

Не уставайте учиться и совершенствовать свои знания.

Ведь именно от вас теперь будет зависеть благополучие и процветание нашей страны!

 

Уважаемые гости и выпускники!

Хочу ознакомить вас с новыми достижениями нашего университета.

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби вошел в Топ-200 вузов мира в международном рейтинге QS World University Rankings 2025 (QS WUR).

В этом году ведущий вуз страны продвинулся на 67 позиций по 9 показателям, тем самым с 230 поднялся до 163 места.

КазНУ является первым и единственным университетом, вошедшим в 200 лучших университетов Казахстана и Центральной Азии.

А также наш университет стал единственным среди казахстанских вузов, который впервые вошел в Топ 401-600 рейтинга Times Higher Education University Impact Rankings – 2024.

Поздравляю всех вас с этим достижением!

Это наша общая победа!

 

Құрметті қонақтар, түлектер!

Қазақ ұлттық университеті өзінің 90 жылдық тарихында 200 мыңнан астам жас түлекке жаңа өмірге жолдама берді.

Олардың арасында ел үшін аянбай еңбек еткен, мемлекетіміздің дамуына әлі де үлкен үлес қосып келе жатқан көрнекті тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

 Ғұлама ғалымдар, дарынды қаламгерлер, білікті заңгерлер, озық ойлы кәсіпкер-меценаттар, тәжірибелі дипломаттар еңбек етуде.

Сондай-ақ сенаторлар, министрлер, сот саласындағы қызметкерлер,  депутаттар, облыс және қала әкімдері арасында да біздің университеттің түлектері көптеп кездеседі.

Сіздердің де келешекте сан түрлі саланың дамуына тың идеялар мен салиқалы ойлар қосып, абыройлы қызмет ететіндеріңізге кәміл сенемін!

Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын!