QS пре-саммитіндегі сөйлеген сөзі

1 ноября, 2024

Құрметті QS пре-саммитінің қонақтары!

Құрметті Джейсон Ньюман, Сергей Владимирович!

Құрметті Мәлік Нұржанұлы, Саясат Нұрбекұлы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Сіздерді QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі QS пре-саммиті осы елеулі датаға орайластырылып отыр.

Бұл маңызды басқосу біздің университетіміздің 90 жылдық мерейтойы аясында өтіп жатқанын айрықша атап өткім келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде:

«Білім мен ғылымға озық халықаралық тәжірибе ауадай қажет.

Білікті мамандарды іріктеу, даярлау және олардың ғылым саласында қалуына жағдай жасау – өте маңызды мәселе.

Университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын стратегиялық орталық болуы керек», – деп атап өткен болатын.

Бүгінде жаhандық экономиканы дамытуда университеттік ғылым маңызды рөл атқаруда.

QS – әлемдегі университеттердің көрсеткіші мен нәтижесін көрсететін ең беделді халықаралық рейтингтердің бірі.

Сондықтан білікті маман даярлауда, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуде озық тәжірибелерді жетілдіріп отыру қажет.

 

Уважаемые гости пре-саммита QS, коллеги!

Я рад приветсвовать Вас на Азиатско-Тихоокеанском саммите QS в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби.

Для нас большая честь принимать у себя дальновидных лидеров и экспертов в области высшего образования.

Сегодня глобальные тренды и современные вызовы определяют развитие высшего образования.

В мире динамично меняется социально-экономическая ситуация.

Происходят глубокие структурные изменения на рынке труда.

На смену классическим профессиям приходят новые формы занятости.

Процесс цифровизации протекает во всех сферах, в том числе – в сфере образования и науки.

Растет роль человеческого капитала.

Современные вызовы имеют прямое влияние на сферу высшего образования.

Должен быть свободный доступ к фундаментальным и академическим знаниям.    

Так же университеты должны прививать студентам готовность к различным изменениям, которые происходят в обществе.

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби, продолжает наращивать уровень профессионализма и укреплять позиции конкурентоспособности.

Мы расширяем связи между университетами стран Азии и мира в целом.

КазНУ – является крупнейшим центром научных исследований в Казахстане.

Ученые КазНУ проводят передовые исследования в различных областях, включая медицину, технологии, гуманитарные и социальные науки.

Их открытия и разработки оказали значительное влияние на развитие страны.

Количество иностранных студентов, совместных образовательных программ в университете растет с каждым годом.

 Город Алматы становится все более привлекательным регионом для абитуриентов из зарубежных стран.

В рамках пре-саммита мы обсудим вопросы продвижения международных научных коллабораций и публикационной активности.

Так же рассмотрим вопросы воздействия и репутации исследований, построения глобального бренда университета.

Мы будем продолжать расширять наше сотрудничество, развивать новые программы.

 Открывать возможности для обмена студентами и преподавателями.

Создавать условия для совместных научных исследований.

Уверен, что только вместе, мы сможем открыть новые векторы развития профессиональной сферы высшего образования!

Желаю всем участникам пре-саммита продуктивной работы.

 

Құрметті әріптестер!

Әлемнің 200 үздік университеті қатарындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде QS пре-саммитінің өтуі біздің білім мен ғылымды дамытудағы жауапкершілігімізді күшейтеді.

Пре-саммит аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, университеттік ғылымды жетілдіру мәселелерін талдаймыз.

Әріптестерімізбен бірге зерттеу жұмыстарының экономикаға әсері мен ортақ мақсаттарды талқылайтын боламыз.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелері бойынша QS саммиті алдағы 5-7 қарашада Макао қаласында жалғасады.

Қорытынды жиын ретінде QS пост-саммиті 8 қарашада Гонконгта өтеді.

Осы маңызды жиындар алдындағы бүгінгі пре-саммитте алдағы жоспарлар пысықталып, ортақ мәселелер бойынша ұтымды шешімдер қабылданатынына сенімдімін.

Пре-саммит жұмысына табыс тілеймін!