- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-3: Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен үстел теннисінен турнир өтті
ТДМ-3: Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен үстел теннисінен турнир өтті
8 қараша, 2024

Оқу ордамызда Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен студенттер күніне орай 8 қараша күні үстел теннисінен турнир өтті. Үстел теннисінен өткен бұл турнирға аталған факультеттен 18 студент қатысып, өз бақтарын сынады. Ойын өте тартысты өтті. Ойын нәтижесінде:
І орынды – Абубакирова Гүлбахрам, Серікбай Марғұлан иеленсе, ІІ орынды – Мұрат Бекасыл мен Базарбаева Динара жеңіп алды. Ал Тілек Даниярұлы мен Зақан Бүлдіршін ІІІ орынға тұрақтады.
Спорттық шараға қатысқан барша студенттерімізге алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!