ҚазҰУ-да «ABT & E-trans Forwarding company» логистінің көшбасшылық дәрісі өттіFarabi University

ҚазҰУ-да «ABT & E-trans Forwarding company» логистінің көшбасшылық дәрісі өтті

4 желтоқсан, 2024

2024 жылғы 29 қарашада сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Бизнес-технологиялар» кафедрасы 3-курс «Логистика» мамандығының студенттері үшін көшбасшылық дәріс ұйымдастырды. Дәрісті «ABT & E-trans Forwarding company» (https://abttrans.kz/ ) компаниясының жетекші логисті Кулбарак Нұржан Аблкаирұлы өткізді.

Дәріс барысында Нұржан Әбілқайырұлы компанияның құрылымы, Қазақстандағы ішкі және халықаралық жүк тасымалдау үдерістері мен логистиканың даму бағыттары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, логист маманына қажетті көшбасшылық қасиеттер мен кәсіби дағдыларға ерекше назар аударылды.

Дәріс Қазақстанда экономикалық өсуді қамтамасыз етуге логистиканың маңыздылығын атап өтіп, Тұрақты даму мақсаттарының 8-ші мақсаты – «Қадірлі жұмыс және экономикалық өсім» қағидаттарына үлес қосты.

Студенттер дәріс соңында белсенді сұрақтар қойып, логистика саласының болашағына үлкен қызығушылық танытты.

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Чемирбаева М.Б., Мұса Қ.А., Ахметқалиева С.К.