- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ-4: «БІРІНШІ КУРС ТАЛАНТТАРЫ – 2024» байқауының марапаттау Гала-концерті өтті
ТДМ-4: «БІРІНШІ КУРС ТАЛАНТТАРЫ – 2024» байқауының марапаттау Гала-концерті өтті

Университетімізде АРТ-Орталығының ұйымдастыруымен 29 қараша күні «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ» атты 1-курс студенттері арасында Жас таланттар (театрландырылған қойылым) байқауының марапаттау Гала-концерті өтті.
Байқаудың финалдық кезеңінде 16 факультеттен 4 факультет өзара сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Бұл байқау студенттеріміздің шығармашылық қабілеттерін дамытуды, өз мамандықтарының келешектегі маңызын ұғындыруды мақсат етті. Соның нәтижесінде студенттер мамандықтарының қажеттілігі мен маңыздылығын, әртүрлі қырларын креативті идеяларға толы қойылымдар арқылы байқауды тамашалауға келген көрермендердің назарына ұсынды. Студенттердің шығармашылық қырларын аша түске қойылымдар көптің көңілінен шығып, қошеметке ие болды.
Биылғы жылы жоғары деңгейде ұйымдастырылған «І курc таланттары – 2024» байқауының финалдық кезеңінің нәтижесі төмендегідей болды:
• Гран-при – География және табиғатты пайдалану факультеті;
• І орын – Экономика және Бизнес жоғары мектебі;
• ІІ орын – Химия және химиялық технологиялар факультеті
• ІІІ орын – Механика-математика факультеті.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарымыздың барлығы арнайы грамоталар мен қаржылай сертификаттар табыс етілді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас таланттарға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-қуат және жарқын жетістіктер тілейміз!