"Денсаулық" спартакиадасыFarabi University

"Денсаулық" спартакиадасы

9 қаңтар, 2025

2025 жылы 9 қаңтарда әл - Фараби ат. ҚазҰУ ойын спорт түрлері залында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың педагогикалық және басқа да қызметкерлері арасында 51-ші дәстүрлі "Денсаулық" спартакиадасы өтті ерлер командалары арасында волейболдан. 

Жарысқа 120 оқытушы қатысты.  Университеттің 13 факультеті мен бөлімшелері өз командаларын шығарды.

Орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Заң факультеті.    

2 орын - 3 бөлімшеден тұратын команда: Колледж, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, кәсіптік мектеп.

3 орын – Биология және биотехнология факультеті.    

4 орын - Әскери кафедра.     

5 орын – Экономика және бизнес Жоғары мектебі, География және табиғатты пайдалану факультеті, Кітапхана, Химия және химиялық технология факультеті.

6 орын – ақпараттық технологиялар факультеті, Журналистика факультеті, Халықаралық қатынастар факультеті.

7 орын – Физика-техникалық факультеті, Философия және саясаттану факультеті.

 

Ойындар өте қызықты болды. Барлық қатысушылар үлкен ынтамен ойнады. Спартакиада спорттық толқумен өтті.

Соңғы ойындарда әр ұпай үшін тартысып, өте қызықты да эмоционалды өтті.

Қиын күресте Заң факультеті командасы лайықты жеңіске жетті.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Спорт клубы