СТУДЕНТТІК БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫFarabi University

СТУДЕНТТІК БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЛАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

24 қаңтар, 2025

Студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2025 жылғы 2-12 сәуір аралығында өтетін IV Халықаралық Фараби Форумы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы конкурсын өткізеді. Университет студенттерді оқу кезінде жұмыс орындарын құру туралы ойлана бастауы үшін инновациялық стартаптарды құруға шабыттандыруды мақсат етеді. Байқау Студенттік бизнес-инкубаторларды дамытудың келісілген тұжырымдамасын әзірлеуге және университеттердің осы процеске қатысуын арттыруға арналған.

Конкурсты өткізудің мақсаты – үздік  студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеу, содан кейін оларды дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны пысықтаудан бастап оны коммерцияландыруға дейін акселерациялауға жәрдемдесу.

Жобаларды бағалау критерийлері: ҚР ғылымы мен техникасын дамытудың басым бағыттарының біріне тиесілігі, жоба идеясы, өзектілігі, жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы мен бәсекеге қабілеттілігі, коммерцияландыру әлеуеті болып табылады.

Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша барлық оқу курстарының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң білім алушыларын конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурс жеңімпаздарын конкурстың серіктестері мен ұйымдастырушыларынан бағалы сыйлықтар, 1 орын үшін - 150 000 теңге, 2 орын үшін (3 жоба) – 100 000 теңгеден және 3 орын үшін (5 жоба) – 75 000 теңге мөлшерінде дипломдар мен ақшалай сыйлықтар күтеді.

Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін электрондық мекенжайға  Assel.Kenzhetay@kaznu.edu.kz  толтырылған форманы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ өз жұмысын сипаттайтын презентацияны жібересіздер.

Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша 8 702 412 95 09 телефоны немесе e-mail: Assel.Kenzhetay@kaznu.edu.kz .

Қосымша 1