ҚазҰУ-дың жас ғалымдары пәтер алды
![](/storage/news/312540542167a609d8db84e834644849_002.jpg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жас ғалымдары жаңа пәтердің сертификатын иеленді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында еліміздің ғылыми элитасының лайықты өкілдеріне қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Осылайша республикалық комиссия Алматы қаласында пәтер беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының тізімін анықтаған.
Еліміздің жас, талантты ғалымдарына тұрғын үй сертификаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген отырысында өтті. Жаңа пәтер иелерінің қатарында ҚазҰУ ғалымдары да бар. Олар химия және химиялық технология факультетінің Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының доценті міндетін атқарушы Қайрат Кеңес, ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Шолпан Тлетай, химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының аға оқытушысы Камилла Абдильдина. Жас ғалымдарға Alma Сity, 4/2 тұрғын үй кешенінен екі және үш бөлмелі пәтерлер берілді.
Жас ғалымдарымызды жаңа қоныстарымен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/288921181067a9eecbb93bd120850198_005.jpeg)
![](/storage/news/319641998567a9ec5c81012049571845_002.jpeg)
![](/storage/news/367321532767a9ebc02463b651668527_001.jpg)