BYB CAPITAL LTD ВЕНЧУРЛЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУFarabi University

BYB CAPITAL LTD ВЕНЧУРЛЫҚ КОМПАНИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ

13 ақпан, 2025

      Ағымдағы жылы 13 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор А.Г. Қазмағамбетов және Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры А.С. Қистаубаева Қазақстандағы Byb Capital Ltd венчурлық компаниясының басқарушы серіктесі А.Е. Билисбековпен және оның жетекші көмекшісі О.Е. Өсембаевпен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – ғылыми орта мен инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, перспективалы идеялар мен жобаларды жүзеге асыру және оларды коммерцияландыру болды.

Басқарушы серіктес А.Е. Билисбеков атап өткендей, инновациялық ғылыми жобаларды қолдауға бағытталған Byb Capital Ltd қоры бизнес пен ғылыми қауымдастық арасындағы стратегиялық серіктестік арқылы бәсекеге қабілетті жаңа технологияларды жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Кездесу барысында ғылыми жобаларды қаржыландыру және оларды бизнеске енгізу мәселелері талқыланды.

Кездесу соңында қонақтар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына «Венчурлық ойлау жүйесі» атты кітаптың 10 данасын сыйға тартты.