Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулауFarabi University

Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

14 ақпан, 2025

Педагогикалық практика аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ-15бағыт) сәйкес 2025 жылдың  14 ақпанында «Биоалуантүрлілікті сақтау және олардың жойылып кетуінің алдын алу» атты тәрбие сағаты өтті. 

​Іс-шараны Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі PhD., қауым.профессоры, А.С. Нурмаханова, педагогика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы М.Мырзағұловажетекшілігімен "Геоботаника" және "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандықтарының 1- курс докторанттары ұйымдастырды. Тәрбие сағаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет базасында өткізіліп, оған ҚазҰУ докторанттары, осы ұйымның қызметкерлері мен студенттері белсенеқатысты. Тәрбие сағатында: 

•   «Биоалуантүрліліктің адамзат үшін маңызы»

•   «Биоалуантүрліліктің жойылуына әсер ететін факторлар»

•   «Биоалуантүрлілікті сақтау»

  ​«Тұрақты даму мүддесін қолдау» атты бүгінгі күннің аса өзекті мәселелері  екі университет білім алушылары  арасында  қызу талқыланып, ұтымды ұсыныстар жасалды. Іс-шара соңында   ҚазҰПУ -нің  білікті мамандары кафедра меңгерушісі, А.Д. Майматаева PhD, аға оқытушы және А.А.Талдыбай PhD, оқытушы, биоалуантүрлілікті сақтаудың  қазіргі  инновациялық жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар  ұйымдастырушыларға табиғатымыздағы тепе-теңдікті сақтау және биоалуантүрліліктің жойылып кетуінің алдын алуға  қосқан үлесі мен  студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара  қатысушылардың  табиғатымызды қорғауға, биоалуантүрлілікті сақтауға үлес қосу әркімнің  азаматтық борышы деген маңызды қорытынды жасаумен аяқталды.