Нүкістік оқытушылар ҚазҰУ-да біліктілігін арттыруда

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.
Оқыту жеке ғылыми бағдарлама бойынша жүргізіледі және педагогика, филология, география сияқты негізгі бағыттарды қамтиды. Курстар 2025 жылғы 15 қаңтар мен 20 ақпан аралығында ҚазҰУ базасында өтеді. Бағдарламаның жалпы ұзақтығы – 144 академиялық сағат, ал қатысушылардың жалпы саны – 21 оқытушы.
Бұл білім беру жобасы оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруға, олардың ғылыми құзыреттілігін кеңейтуге және оқытудың озық әдістемелерімен алмасуға бағытталған. Бағдарлама барысында қатысушылар педагогика және ғылым саласындағы заманауи үрдістермен танысып, алған білімдерін тәжірибеде қолдана алады.
Ынтымақтастық аясында Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары ҚазҰУ студенттері үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Сабақ барысында оқытудың өзекті әдістері, инновациялық білім беру технологиялары және жоғары білім беру саласындағы кәсіби даму мәселелері қарастырылды.
Бұл іс-шара екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды, ғылыми байланыстарды нығайтуға және білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


