ҒжИҚД басшылығының ФХЗТО ҒЗИ және ЖХТжМ ҒЗИ ғалымдарымен кездесуі

2025 жылдың 12 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті (ҒИҚД) басшылығы Физика-химиялық әдістерді зерттеу және талдау орталығы ҒЗИ (ФХЗТО) мен Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтының (ЖХТжМ ҒЗИ) ғалымдарымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында институттардың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары, инновациялық дамудың өзекті мәселелері және ғылыми қауымдастықпен әріптестік перспективалары талқыланды. Сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыру, өндіріске заманауи технологияларды енгізу және пәнаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар бұл кездесудің пікір алмасуға, стратегиялық бастамаларды талқылауға және ғылыми қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен шешімдерді әзірлеуге маңызды алаң болғанын атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаментінің директоры Аида Серікқызы Кистаубаева және Инновация және зияткерлік меншік басқармасының басшысы Гүлмайра Партизан Физика-химиялық әдістерді зерттеу және талдау орталығының (13 зертханасы) және Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институтының (10 зертханасы) жұмысымен және ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысып, олардың одан әрі дамуының болашағы мен ғылыми жобалар аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл кездесу серіктестік пен ғылыми ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар

