ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту жалғасадыFarabi University

ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту жалғасады

18 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшелері,  мемлекет және қоғам қайраткерлері университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының нысандарын аралады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертхана нысандарын көрсетіп, атқарылып жатқан ғылыми  жұмыстарды таныстырды.

Делегация мүшелері – Директорлар кеңесінің төрағасы, Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының экс-төрағасы, заң ғылымының докторы Мұсабек Әлімбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-төрағасы Алик Шпекбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, әділет генерал-майоры Мұхтар Жөргенбаев, медицина ғылымының докторы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев, белгілі суретші Ерболат Төлепбай университет ғалымдарымен пікір алмасып, Жерді қашықтықтан зондтау орталығында, «Farabi Hub» инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығында, Farabi Robotics өнеркәсіптік робототехника орталығында болып, Орталық Азияда теңдесі жоқ ең қуатты суперкомпьютердің жұмысымен танысты.

Кездесу соңында  делегация мүшелері ҚазҰУ құрылысының  екінші кезеңін жаңғырту, ғылыми инфрақұрылымды дамыту және университеттің инновациялық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі