ТДМ-4: «Сұңқар» кубогы КВН ойындарының жартылай финалы өттіFarabi University

ТДМ-4: «Сұңқар» кубогы КВН ойындарының жартылай финалы өтті

12 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 12 ақпан күні «Сұңқар» кубогы КВН ойындарының жартылай финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Студенттер арасындағы ең тартысты әрі көңілді ойындардың бірі саналатын бұл шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше эмоция сыйлады.

Жартылай финалдық кезеңде 6 үздік команда өзара бақ сынап, тапқырлықтары мен әзілге деген ерекше қабілеттерін көрсетті. Ойын нәтижесінде 4 команда финалға жолдама алды, ал жанкүйерлер ерекше белсенділігімен сайысқа түскен командаларға қолдау білдірді.

Жеңімпаздар мен номинациялар иегерлері:

-«Үздік ойыншы» номинациясы – Дәуренбекұлы Абылайға бұйырып, ол Өзбекстанға жолдама сертификатын жеңіп алды!

-«Үздік жанкүйер» номинациясымен екі бірдей факультеттің қолдаушылары марапатталды. Олар:

  • «Аристократ» құрамасының жанкүйерлері – Заң факультеті
  • «Авангард» құрамасының жанкүйерлері – Химия және химиялық технология факультеті. Бұл белсенді жанкүйерлерге арнайы тәтті торт тарту етілді.

Жартылай финал жоғары деңгейде өтіп, университет студенттерінің шығармашылық қабілетін дамытуға, ұжымдық жұмыс дағдыларын жетілдіруге үлкен үлес қосты.

Алда – Финал!

Финалға жолдама алған командаларға алдағы ойындарында сәттілік тілейміз! Көңілді әрі тапқыр жастары бар үздік командалар тартысты бәсекеде өз таланттарын шыңдайды деп сенеміз!