Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге арналған сессия өтеді
20 ақпан
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: академиялық тәсілдер мен инновациялық шешімдер» сараптамалық стратегиялық сессиясын өткізеді.
Дәстүрлі сессия – білім, ғылым және бизнес интеграциясы бойынша идеялар мен озық тәжірибе алмасуға арналған.
Сараптамалық сессияның негізгі мақсаты – еңбек нарығы мен білім саласын үйлестіру жағдайында білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау мен дизайнға инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы сапасын арттыру.
Міндет – сарапшылар мен жас ғалымдардың тәжірибе алмасуы және еңбек нарығының талаптарына негізделген инновациялық шешімдерді талқылау арқылы білім беру бағдарламалары дизайнына практикалық ұсыныстар мен тәсілдер әзірлеу.
Сараптамалық сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитеті мен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу саласындағы сарапшылар, жұмыс берушілер, жас ғалымдар қатысады.
Өтетін орны:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Әл-Фараби кітапханасы.
Пленарлық отырыстың басталуы: 20.02.2025 ж. сағат 10:00.
Панельдік сессиялардың басталуы: 20.02.2025 ж. сағат 14:00.
Cараптамалық сессиясының жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитеті
Басқа хабарландырулар
15 қыркүйек-17 қыркүйек
«Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді
15-17 қыркүйек аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді.
8 қыркүйек-12 қыркүйек
28 тамыз
BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ
2025 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жоба.