«Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты бірегей көрме
.jpeg)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі 2025 жылдың 20 ақпанында «Алтын Орда (Жошы Ұлысы) кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты бірегей көрменің шымылдығын түрді.
Бұл көрме – ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, қазақ даласындағы алып империяның мәдениеті мен өркениеттік жетістіктерін паш ететін маңызды оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 15 наурызында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында («Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс») Жошы Ұлысының іргетасы қаланғанына 800 жыл толғанын атап өтіп, оның тарихи мұрасының еліміздің өткенімен, бүгінгі даму жолымен және болашағымен тығыз сабақтас екенін ерекше атап көрсеткен еді.
Көрменің басты мақсаты – Қазақстанның Алтын Орда (Жошы Ұлысы) дәстүрінің заңды мұрагері ретіндегі орнын айқындау, осы бай тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дәріптеудегі ел рөлін айшықтау. Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстанды халықаралық аренада ұлы империяның мұрасын сақтаушы ел ретінде танытып, оның өркениеттік маңыздылығын әлемге паш етуді көздейді.
Бұл көрмеге Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті М.Р. Балтымова және 1-курс магистранттары Жұбанов Б., Алпысбай Ә., Дәуренбек Н., Жамал Р. белсенді түрде қатысты. Олар көрменің мазмұнымен танысып, Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасына қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті.
Басқа жаңалықтар

