«Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылықFarabi University

«Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылық

20 ақпан, 2025

2025 жылы 20 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының доценті Б.Аринова, аға оқытушы А.Масимбаеваның жетекшілігімен филология факультеті «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандығының 1-курс докторанттары І.Есенберлиннің 110 жылдығына орай «Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылық тақырыбында шығармашылық хакатон ұйымдастырды.Іс-шара Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйінде» өтті.  Тәрбие сағатының негізі мақсаты – І.Есенберлин шығармашылығын дәріптеу, кітаптарын заманауи тұрғыда зерттеу. Тәрбиелік іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және филология мамандығының магистранттары қатысты.  Қатысушылар командаларға бөлініп,  хакатон бағыттары бойынша  жоба жұмыстарын жасады. Әдеби, креативті, интерактивті бағыттар  негізінде І.Есенберлиннің кітабы талданды. Әр команда өз жобасын әзірлеп, таныстырылым жасады. Шығармашылық жұмыстар мен шешімдер түсіндірілді.  Әр жобаның инновациялылығы мен ерекшелігі көрінді.  Хакатон барысында І.Есенберлин туындыларының тақырыптық тереңдігі, идеялық маңыздылығы ашылды. Әдеби талдау жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификат табысталды.