Құндылықтар – рухани мәдениеттің өзегі

2025 жылдың 21 ақпанында БҰҰ Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды іске асыру шеңберінде, «Сапалы білім беру» бағыты бойынша философия кафедрасының оқытушылары Г.М. Сембаева мен Ж.Н. Казиеваның ұйымдастыруыменстуденттер арасында «Құндылықтар – рухани мәдениеттің өзегі» тақырыбында факультетаралық шығармашылық-интеллектуалдық сайыс өткізілді.
Сайысқа механика-математика, биология жәнебиотехнология факультеттерінің 2-курс студенттерінен құрылған 4 команда белсене қатысып, өздерінің танымдық және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Философия кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Н. Бекенова, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Р.Б. Зейнуллин және кафедра оқытушылары Д. Балабекұлы, Қ.Т. Нургалиев сайысқа төрелік етіп ат салысты. Студенттер сайысы үш турдан тұрды. Таныстыру мақсатындағы бірінші турда топтар өздеріне жеребе арқылы берілген ұлттың ұлттық құндылықтарын ескере отырып, мәдени ерекшеліктерін айшықтап көрсетті. «Үй тапсырмасы» деп аталатын екінші турда үйден дайындап келген, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін әр ұлттың салт-дәстүрінен көрініс көрсетілді. Үшінші тур – интеллектуалдық сайыс, топтарға өздері насихаттаған ұлттың философиясы жайында түрлі сұрақтар қойылды. Қазақ, жапон, үнді, грек мәдениеті мен құндылықтары бойынша сайысқа түскен студенттер өте жақсы дайындық деңгейін көрсете білді. Ұлттық құндылықтар – болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі басты негіз екендігін дәріптеген танымдық сабақ өз мақсатына жетті. Кеш соңында командалар дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Басқа жаңалықтар

