Университет ғалымдарымен кездесуFarabi University

Университет ғалымдарымен кездесу

25 ақпан, 2025

    2025 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті Экономика жәнe бизнес жоғары мектебі, заң, тарих және филология факультеттерінің ғалымдары арасында маңызды  кездесу өткізді. 
Кездесу барысында ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және университеттің халықаралық Times Higher Education және QS рейтингтеріндегі орнын нығайту мәселелері талқыланды. 
   Аталған жиынның негізгі мәселесі ретінде, ғылыми жарияланымдардың дәйексөз көрсеткіші қарастырылды. Ол профессорлар мен ғалымдардың зерттеу қызметінің табыстылығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Қатысушылар дәйексөз көрсеткішін жақсарту қажеттілігін және бұл көрсеткіш университеттің халықаралық деңгейдегі ғылыми беделін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. 

 


   Сондай-ақ, ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар және оларды жариялау тәртібі, сілтемелер жөнінде айтылды. Жалпы ғылым сапасын жақсарту туралы мәселелер көтерілді.  
   Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Аида Серікқызы Кистаубаева ғылым сапасын жақсарту мақсатындағы мәселелерді тілге тиек етті. 

Негізгі ұсыныстар:

•    Шетелдік ғалымдармен жарияланымдар: Шетелдік авторлардың қатысуы ғылыми жұмыстардың сапасын арттырады және дәйексөзділіктің өсуіне ықпал етеді.
•    Беделді басылымдарды таңдау: Elsevier баспасының журналдарында жариялану ұсынылады, онда мақалалардың 10%-ы дәйексөздердің 40%-дан астамын құрайды.
•    Жаңа жабдықты пайдалану: Заманауи жабдықты қолдана отырып өлшеулер жүргізу зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
•    «Универ» жүйесіндегі деректерді жаңарту: Оқытушылар мен зерттеушілердің профильдерін дерекқорларда үнемі жаңартып, жарияланымдарға сілтемелер қосып отыру қажет.
•    Ғылыми зерттеулерді ТДМ контекстіне енгізу: Ғаламдық мақсаттарға сәйкес ғылыми жобаларды дамыту халықаралық назарды және қаржыландыруды тартуға көмектеседі.