
2025 жылғы 20 ақпанда Бакин мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "7M04212 – Теңіз және энергетикалық құқық" екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттары Алматы қаласындағы "Көк-Төбе" саябағына барды. Сапар Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) №9 "Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым" шеңберінде ұйымдастырылып, саябақтың заманауи инфрақұрылымымен, қалалық туризмді дамытудағы рөлімен және тұрақты құрылыс технологияларымен танысуды мақсат етті.
Іс-шараны ұйымдастыруды кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қуаналиева Г.А., "7M04212 – Теңіз және энергетикалық құқық" екі дипломдық магистратура бағдарламасының үйлестірушісі профессор Айгаринова Г.Т. және эдвайзер Рашева Г.К. қамтамасыз етті.
Экскурсияға Бакин мемлекеттік университетінің магистранттары: Амирли Әзиза Ильхам, Ибрахимзаде Лала, Маммадова Севда, Мирзаева Севиндж, Таярлы Синан, Хусейнова Айнур, Хусейнов Араз және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранттары: Абилова Динара, Нагманов Нұрлан қатысты.
Басқа жаңалықтар

