Ғылыми-кәсіпкерлік «The Founders Club» бірлестігі

Бүгін жастарға арналған ғылыми-кәсіпкерлік «The Founders Club» бірлестігі құрылды. Бизнес алаңына жаңа серпіліс берген бизнес-клубқа әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры А. Кистаубаева қатысты.
Бұл Асқар Билисбеков пен Кеңес Ракишев ұйымдастырған тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаң болып табылады. Аталған шара шабытқа толы, ашық талқылаулар, қызықты спикерлер және жаңа идеяларға толы тамаша атмосферада өтті.
Сондай-ақ, «The Founders Club» бизнес-клубында ғылым мен инновациядағы негізгі қауіп-қатерлер, технологиялық кәсіпкерліктің болашағы және ғылыми-зерттеулердің бизнестегі рөлі талқыланды. Ғалымдар мен кәсіпкерлер өзара әңгімелесіп, маңызды жобаларды жасауға мүмкіндік беретін экожүйені қалыптастыру туралы талқылады.
Кездесу барысында, А. Кистаубаева мұндай ғылыми-кәсіпкерлік кездесулер ғылымның дамуына және жаңа серіктестіктердің қалыптасуына ықпал ететінін айтты. Осындай атаулы шараға қатысқанына қуанышты екенін жеткізді.
Басқа жаңалықтар


