
Құрметті оқытушы-профессорлар,
білім алушы жастар!
Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн бір-бірімізге алғыс айтып, ризашылық білдірудің және жақсылық жасаудың маңызды екенін еске салады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл жарқын мереке азаматтарымыздың бір-біріне деген ризашылығы мен тілектестігінің, шынайы құрметінің символы саналады. Халқымыз ғасырлар бойы берекелі бірлігі мен туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында ең күрделі сынақтар мен қатерлерді еңсере білді. Осы іргелі құндылықтар жалпыұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.», – деп атап өткен болатын.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр.
Алғыс айту күні – қазақ жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің халқымызға үлкен тағзымының белгісі ретінде қабылданады.
Бұл күн ізгі жандардың еңбегін бағалауға, оларға ерекше сый-құрмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Алғыс айту – тек сөзбен ғана емес, ісімізбен де көрсетілетін құрмет.
Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген ізгі мерекеде баршаңызға алғыс айтамын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға қуыныш-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
Басқа жаңалықтар


