ҚазҰУ-ға ынтымақтастықты дамыту мақсатында Корея гидро және атом энергетикасы орталық ғылыми-зерттеу институтының (KHNP) делегациясы іссапармен келдіFarabi University

ҚазҰУ-ға ынтымақтастықты дамыту мақсатында Корея гидро және атом энергетикасы орталық ғылыми-зерттеу институтының (KHNP) делегациясы іссапармен келді

5 наурыз, 2025

Кореяның гидро және атом энергетикасы орталық ғылыми-зерттеу институтының басшысы Хо Чхоль Шин мырза бастаған делегацияға ҚазҰУ тарихы мен дамуына арналған музей экскурсиясы жүргізілді.

Құрметті қонақтар университеттің жобалы жоспарлары, ғылыми жетістіктерінен мәлімет алып, экскурсия жүргізушісіне үлкен алғыстарын білдірді.