ТДМ – 4: Университетіміздің студенттері музей дебатынан топ жарды

2025 жылдың 27 ақпан күні ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде қоғамдағы музейлердің рөлін арттыру және тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында пікірсайыс турнирі өтті. Жарысқа Алматы қаласының жетекші университеттерінен келген командалар қатысып, өзара білімдері мен шешендік қабілеттерін сынға салды.
Бұл тартысты сайыста университетіміздің Тарих факультетінің студенттері – Данияров Асхат, Нұрболат Динара және Мынжасар Ерсұлтан «Алаш» фракциясы атынан өнер көрсетіп, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, I орынды иеленді.
Сонымен қатар, ерекше талантымен, сенімді ойлау қабілетімен және шешендік өнерімен көзге түскен 1-курс студенті Нұрболат Динара турнирдің ең үздік қатысушысы атанып, «Ең үздік спикер» номинациясымен марапатталды.
Бұл жеңіс – студенттеріміздің тек білім мен біліктілікті, тапқырлық пен шешендікті ғана емес, сондай-ақ зерттеушілік қабілеттері мен ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын айқын көрсетеді.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – университетіміздің ғана емес, тұтас ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне қосылған үлес. Студенттерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!