«Қазақ аналары – дәстүрге жол» өкілдерімен кездесуFarabi University

«Қазақ аналары – дәстүрге жол» өкілдерімен кездесу

13 наурыз, 2025

Өзім бас болып Қытайтану кафедрасында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкіл­де­рі­мен «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында кездесу өт­кіздік. Бұл кездесу тұрақты даму мақсаттарының 5 – гендерлік тең­дік, 10 – теңсіздікті қысқарту және 17 – тұрақты даму үшін се­ріктестік деген бағыттарының талаптарына сәйкес келеді. 

Кездесуде «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің Ал­ма­ты және Алматы облысы фи­лиал­дарының төрайымы, филолог, қоғам қайраткері, «Алтын алқа» иегері Л.Дәулет, Республикалық білім жетілдіру институтында көп жылдар бойы аға ғылыми қыз­мет­кер болған ұлағатты ұстаз, белгілі пе­дагог-әдіскер С.Мұқанова, оқу ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз, белгілі қоғам және мәдениет майталманы Б.Керейқұлова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігінің Бос­тан­дық ауданы филиалының тө­райы­мы К.Сәтімбекова ана­лары­мыз от­басындағы жылы қа­рым-қа­тынас, әріптестер мен студенттер арасындағы сыйластық тақы­рып­тарында әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында Қытайтану кафедрасы мен Түріктану және Шы­ғыс елдері тарихы, Таяу Шы­ғыс және Оңтүстік Азия кафе­дра­ла­рының мұғалімдері мен бака­лавр, магистрант, докторанттары кездесу қонақтарының өнегелі әң­гімелеріне тәнті болып, өзде­рінің ұлттық тәрбие жайындағы көкейкесті ойларын ортаға салды. Көпшілік ұлттық құндылық­тары­мыз­ды дәріптеп, ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізді жаң­ғырта­тын, халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлерін жас ұрпаққа дәріптеудің маңызын ерекше атап көрсетті. Құрылғанына үш жыл болған, «Ұлттық құндылық – ұлт қа­зынасы» деген ұранды ту еткен «Қа­зақ аналары – дәстүрге жол» бір­лестігінің алдына қойған мақ­саты – қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрін жаң­ғыр­тып, ұлт құндылығын ұлықтау, жас ұрпаққа насихаттау. Бұл ұйым­ның алдына қойған мис­сия­сы – қазақ халқының «Руыңды тәр­­биелегің келсе – ұлыңды тәр­бие­ле, ұлтыңды тәрбиелегің келсе – қызыңды тәрбиеле», «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген даналық философиядан бастау алады. Кездесуге қатысушы көп­ші­лік халқымыздың баянды және ке­мел болашағын қамдауда, ұл­ты­мыздың ғасырлар бойы қалып­тас­қан дәстүрін жаңғыртудағы әйел-ана рөлінің ерекше маңызын атап айтты. Кездесуге келген ана­лар­ға шығыстану факуль­те­тінің бас­шылығы атынан алғыс хат және факультеттің 30 жыл бұрын та­­мамдаған түлектері атынан ес­керт­кіш сыйлықтар табыс етілді.

Фатима Дәулет,

Қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры