Қайраткер тұлғаның музей-үйімен таныстыFarabi University

Қайраткер тұлғаның музей-үйімен танысты

17 наурыз, 2025

«Қолданбалы ма­те­­матика» маман­дығының 1-курс студенттері Матема­ти­калық және компью­­терлік пішін­деу кафедра­сы­ның ұйымдасты­руы­мен Дінмұхамед Қонаев­тың музей-үйі мен ме­мориалдық му­зей-апартаментіне барды. 

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттары жобасы ая­сын­да «Сапалы білім беру» бағыты (ТДМ-4) бойынша ұйымдастырылып, студент­тердің мемлекет қайрат­кер­­лерінің өмір жолы, елі­мізге сіңірген еңбегі мен ғылыми қызметі туралы білім көкжиегін кеңейтуге ар­налды. Дінмұхамед Ах­мет­ұлының басшылық қыз­метін айтпағанда, ол – қай­раткер тұлға, үш мәрте Со­циалистік Еңбек Ері, Қа­зақ КСР Ғылым акаде­мия­сының академигі, техника ғылымының докторы, Қа­зақ­станның ғылымы мен өнер­кәсібінің дамуына үл­кен үлес қосқан дара тұлға.

Экскурсия барысында студенттер Д.Қонаевтың өмір тарихымен жақынырақ танысып, оның жеке және кәсіби жетістіктері туралы көбірек білді. Сондай-ақ Қа­зақстанның дамуына қос­қан еңбегімен танысты. Музейде студенттер Дін­мұ­хамед Ахметұлының ел үшін жасаған еңбегінің ма­ңызын бағалауға әсер ететін бірегей экспонаттар, яғни жеке заттары мен құжаттарын көрді.

Бұл іс-шара студент­тер­дің Қазақ елінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қос­қан қайраткер тұлғаның ке­сек бейнесін тереңірек та­нып-білуіне ықпал етті. Бұ­ған қоса, тәрбиелік және білім беру жұмысының ма­ңыз­ды бөлігі болды. Д.Қо­наевтың музей-үйіне бару студенттерге елдің мәдени және тарихи мұрасын жақ­сы­рақ түсінуге мүмкіндік берді. Бұл олардың жеке да­муы мен азаматтық ұста­ны­мын қалыптастыру үшін өте маңызды.

Мағира ҚҰЛБАЙ,

МКМ кафедрасының куратор-эдвайзері