2024 жылдың үздік ғалымдары мен оқытушылары марапаттау рәсімінде ҚазҰУ АРТ-орталықтың студенттері өнер көрсеттіFarabi University

2024 жылдың үздік ғалымдары мен оқытушылары марапаттау рәсімінде ҚазҰУ АРТ-орталықтың студенттері өнер көрсетті

26 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер» атағы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ҒЗИ және ЖОО басшылары, Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

2005 жылдан бастап «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы оларға дәстүрлі түрде оқытушылық және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктері үшін беріледі.

Іс-шара рәсімін «Бахыт» студенттік би ансамблі «Фараб» биімен ашты.   Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барлық жеңімпаз оқытушыларды құттықтап, ғылым мен білім саласындағы орасан зор еңбектері үшін алғыс айтты. Шара соңы АРТ-орталықтың вокалистері орындаған «Мен сені сүйемін Қазақстан» патриоттық әнімен аяқталды.