- Басты бет
- Арт орталық
- Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына АРТ-орталығы қатысты
Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына АРТ-орталығы қатысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Farabi HUB» орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Алматы қаласы әкімдігінің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар қатысты.
Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизм, бірлік пен достық мерекесі. Биыл Қазақстан еліміздің көпұлтты қоғамының бірлігі мен келісімінің символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтуде.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев барлық қонақтар мен қатысушыларды мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы елдегі этносаралық келісім мен мәдени әртүрлілікті нығайту мақсатында құрылғанын атап өтті.
Мерекелік шара барысында АРТ-орталықтың студенттері мен № 89 қалалық мектептің «Ғұнча» (көркем жетекшісі: Бараев Абдурашид) этноансамблі өнер көрсетті.