Студенттік «БІЗ» театры «Апатай» қойылымын ұсынды
«Апатай» қойылымы - ананың балаға, баланың анаға деген махаббатын сезіндірген, заманауи шоулар мен ақшаға қызыққан жастардың жасырын жатқан талантын ашқан, балалардың сезімін құрбан еткен аңғал әкенің көңілін түсіндірген ерекше қойылымның бірі. Түсінген жанға берер мағынасы мол бұл туындының жарыққа шығуы ұзақ уақытты алмады. Спектакльдің негізгі желісі – ана мен бала арасындағы тығыз байланысты, отбасы құндылықтарын, ал әке образы белгілі бір дәрежеде аңғалдық пен немқұрайлылықты бейнелейді. Ол балаларының шынайы сезімдерін құрбан етіп, өз қателігін кеш түсінеді. Көркемдік тұрғыдан да ерекше қойылған спектакль, жарық пен дыбыс үйлесімі, эмоцияға толы көріністер көрерменді бейжай қалдырмайды. Қойылым өмірден алынған оқиғалар арқылы шынайылықты жеткізіп, әр адамның жүрегіне жол таба білді.