ТДМ-4: «RUN» атты кеш өттіFarabi University

ТДМ-4: «RUN» атты кеш өтті

28 ақпан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Физика – Техникалық факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 28 ақпан күні «RUN» атты кеші өтті.
Кеш барысында түрлі интеллектуалды ойындар ойнатылып, студенттердің оқу, ғылыми және шығармашылық дамуына қатысты сайыстар ұйымдастырылды. Бұл студенттердің қоғамда белсенділігін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Ұйым қатарындағы студенттер өздерінің неше түрлі қырын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Бұл жобаның студенттер арасында бірлікті арттырып, татулықты нығайтуына септігін тигізді. 
Кеш жоғары атмосферада өтіп, барша қатысушылардың көңілінен шықты. Қонақ болып қатысқан жандардың баршасына алғыс білдіреміз!