ТДМ-4: «Сұңқар кубогы» КВН ойындарының Премьер лигасы өттіFarabi University

ТДМ-4: «Сұңқар кубогы» КВН ойындарының Премьер лигасы өтті

4 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастырылуымен 4 наурызда«Сұңқар кубогы» КВН ойындарының Премьер лигасы өтті.

Премьер лигаға 3 команда қатысты: «Аристократ» құрамасы, «Миллиард» құрамасы және «Ақтүбек» құрамасы. «Үздік ойыншы» номинациясымен «Ақтүбек» құрамасындағы Саветхан Абылай марапатталып, сыйлыққа ие болды.

Премьер лига барысында:

  • «Аристократ» құрамасы – І орын; 
  • «Миллиард» құрамасы – ІІ орын;
  • «Ақтүбек» құрамасы – ІІІ орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алды.

Қатысушы командаларға алғыс білдіре отырып, келесі кезеңдерге сәттілік тілейміз!