ТДМ-4: «TEDx KazNU» жобасы өттіFarabi University

ТДМ-4: «TEDx KazNU» жобасы өтті

5 наурыз, 2025

Оқу ордамыздың Физика-техникалық факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 5 наурыз да «TEDx KazNU» жобасы өтті.

Кездесудің арнайы қонағы ретінде белгілі тұлға, актриса, тележүргізуші – Жазира Еркін шақырылды. Ол өзінің тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге кәсіби даму, табысқа жету жолдары және өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығы туралы құнды ақпараттар берді. Кездесу барысында Жазира ханым өзінің сол күні Америкағк виза алғаны туралы сүйінші хабарымен бөлісті.

Қатысушылар оның баяндамасына ерекше қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Көптеген актерлік шеберлік туралы ойындар ойнатылды. Сондай ақ, түсірілім барысындағы қызықты оқиғалар туралы да айтылған болатын. Жазира ханымның айтуы бойынша өзінің түскен фильмдерінің ішінен ең қатты ұнайтыны шынайы өмірге негізделген картиналар екен. Мысалы, Қажымұқан картинасы мен 5:32 сериалындағы рөлі.

«TEDx KazNU» жобасы университет жастарына шабыт беріп қана қоймай, олардың өз идеяларын ортаға салуына мүмкіндік жасады. Іс-шара барысында студенттер инновациялық ойлау, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және заманауи әлемдегі өзгерістерге бейімделу тақырыптары бойынша жаңа мәліметтер алды.

«TEDx KazNU» жобасы студенттердің өзіндік көзқарасын қалыптастыруға, жаңа идеяларды іске асыруға және өз әлеуетін толық ашуға көмектесетін бірегей мүмкіндік ұсынады.