ТДМ-4: «Шабыт» шығармашыл жастар клубының есеп беру кеші өтті

Университетіміздегі Жастар ұйымдары комитетінің «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы жанынан құрылған «Шабыт» шығармашыл жастар клубының ұйымдастыруымен 7 наурыз күні «Кездесу мен қоштасу» атты есеп беру кеші өтті. Бұл шара клубтың атқарған жұмыстары мен жетістіктерін сараптау, талқылау және жаңа жетекшіні таныстыру мақсатында өткізілді.
Сүлей Гүлназ Ералханқызы, «Шабыт» шығармашыл жастар клубында 2023-2025 жылдар аралығында жетекшілік еткен, кеш барысында өз есеп беру баяндамасын жасап, атқарылған жұмыстар мен жобаларды талқылады. Ол клуб мүшелеріне алғыстарын айтып, өз жұмысының нәтижелерін ортаға салды. Кеш барысында өткен екі жылда ұйымдастырылған шаралар, шығармашылық жобалар және жастардың белсенділігі туралы толыққанды ақпарат берілді.
Кешті ерекше етіп өткізген, клуб мүшелерінің өздерін жаңа қырынан танытуы болды. Олар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көркемөнерпаздық өнерлерімен қонақтарды таңқалдырды. Студенттер мен магистранттар арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас пен өзара қолдаудың қаншалықты маңызды екені айқын көрінді.
«Шабыт» шығармашыл жастар клубының жаңа жетекшісі болып Кемалбай Нұрбек Серікұлы тағайындалды. Жаңа жетекшіге алдағы уақытта үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілей отырып, университеттің студенттері мен жастар ұйымы оны шын жүректен құттықтады.
Бұл кеш тек қана есеп беру шарасы емес, сонымен қатар жаңа бастамалар мен идеялардың қалыптасуына жол ашты. Қазіргі таңда клубтың келешек жұмысы жаңа жетекшінің басқаруымен жаңа бағытта жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта «Шабыт» шығармашыл жастар клубы көптеген жаңа шығармашылық жобалармен студенттер мен магистранттар үшін үлкен мүмкіндік туғызады деп сенеміз.