ТДМ-4: «Сұңқар академиясының» алғашқы отырысы өттіFarabi University

ТДМ-4: «Сұңқар академиясының» алғашқы отырысы өтті

11 наурыз, 2025

Жастар ұйымдары комитеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен «Сұңқар академиясының» алғашқы жиналысы өтті.

«Сұңқар академиясы» – бұл көшбасшылық қабілеттерді дамытуды мақсат ететін, дарынды студенттер мен магистранттар үшін арнайы құрылған даму алаңы. Академияның басты мақсаты – болашақ жас көшбасшылардың кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасау, олардың командалық жұмысқа бейімделуіне, жаңа жобаларды іске асыру дағдыларын меңгеруіне ықпал ету.

Алғашқы кездесуде қатысушылар бір-бірімен танысып, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, Академияның негізгі мақсаттары мен жұмыс жоспары таныстырылып, алдағы уақыттағы іс-шаралар бағыттары айқындалды.

Бағдарлама барысында қатысушылар үшін тәжірибелі менторлармен кездесу, заманауи тренингтер мен шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Академия қатысушылары көшбасшылық мәдениетті қалыптастырып, университет өмірінде белсенді азаматтық позициясын көрсетуге бағытталған маңызды жобаларды жүзеге асыратын болады.

Бұл бастама – ҚазҰУ жастарының кәсіби қалыптасуына бағытталған маңызды қадам. Алда қатысушыларды жаңа мүмкіндіктер мен тың жетістіктер күтіп тұр.