8 Наурызға арналған концерт жоғары деңгейде өтті!Farabi University

8 Наурызға арналған концерт жоғары деңгейде өтті!

7 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ер-азаматтары ұжымдағы қыз-келіншектерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, қызықты концерттік бағдарлама ұсынды. Концерттік бағдарламаның қызықты өтуіне АРТ-орталықтың мамандары мен студенттері  өз үлестерін қосты: дыбыс жазу студиясының маманы Ж. Абилдинов, вокал үйірмесінің жетекшісі Ф.Ещанова, би үйірмесінің жетекшісі, Мәдениет Қайраткері, хореограф Г. Есмұханбетова, театр жетекшісі Қ.Тілес.

Әйелдерге арналған мерекелік іс-шара ҚазҰУ-да жаңадан ашылған Farabi HUB инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығында  ұйымдастырылды.

Мерекені Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, оқытушы ханымдардың, қызметкер азаматшалардың және білім алушы қыздардың ел дамуындағы елеулі орнын атап өтті.