- Басты бет
- Арт орталық
- «Біз» студенттік театры ұсынған «Туған күніңмен, анашым» қойылымы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады
«Біз» студенттік театры ұсынған «Туған күніңмен, анашым» қойылымы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады
Әлішер Айтуардың сахналанған ерекше пьесаларының бірі – «Туған күніңмен, анашым» қойылымы. Бұл туынды да бір-бірінің өмірінен бейхабар болып кеткен ағайынды үш бауыр анасының туған күніне қара шаңыраққа жиналады. Бала кездері өткен сол үй, көзге ыстық таныс жиһаздар – бәрі орнында. Бірақ уақыт өте келе әрқайсысы өз жолымен кетіп, жеке өмірлеріне мән беріп, бір-біріне бөтен адамдар сияқты көрінеді. Бауырлар арасындағы жатсыну, ақша мәселесі мен түсініспеушілік олардың қарым-қатынасын одан әрі күрделендіре түседі. Қаржылай тығырыққа тірелген ағайындылар бірін-бірі балағаттап, қол жұмсауға дейін барады. Алайда, анаға деген сый-құрмет оларды қайтадан бір болуға шақырады. Өмірдің күйбең тіршілігімен алысып жүріп, туыстық байланыстың әлсіреуіне жол бергендерін кеш түсінген бауырлар, бір-біріне деген махаббат пен құрметті қайта сезінуге тырысады. Қойылымның әсерлі сәттері, жүрекке жылы тиетін диалогтары көрерменнің жанын тебірентіп, әркімді өз отбасы, туған-туыстарымен қарым-қатынасын қайта ой елегінен өткізуге шақырып, ұмытылмас әсер сыйлады. Қоюшы режиссер – Қанат Тілес.