ҚазҰУ-де грант өтеу ережелері түсіндірілді
14 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де түлектер-жас мамандар мен философия докторлары (PhD) «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесті. Іс-шараны университеттің Кәсіби даму және мансап кеңсесі ұйымдастырды.
Кездесуде мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектерді бөлу, жұмысқа орналастыру және грантты өтеу мәселелері талқыланды.
«Қаржы орталығы» АҚ-ның Алматы қаласындағы өкілдігінің жетекші маманы Абылай Амангелдіұлы Тыныбеков бұл міндеттерді орындаудың маңыздылығын және үш жыл бойы олардың мониторингі қалай жүргізілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес өтеуден босатылу шарттары туралы ақпарат берді.
Грантты өтеу шарттарының сақталуын бақылауды «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асырады.
Басқа жаңалықтар

14 наурыз, 2025

18 қараша, 2024