ҚазҰУ мен Tirrena Costruzioni меморандумға қол қойды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Tirrena Costruzioni құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Делегация құрамында компанияның бас менеджері Ваккаро Серджио, менеджер Касо Андреа, инженерлік-техникалық бағытындағы директор Мастантуони Альфонсо, Италия – Қазақстан сауда палатасыныың президенті Джулио Аматуччи, «Tеrrena Kazakhstan» ЖШС бас директоры Александр Кабиров бар.
Жүздесуде тараптар ҚазҰУ қалашығында жатақхана салу мәселесін талқылап, екіжақты меморандумға қол қойды.
Келісім аясында компания есебінен қалашықта 2400 орынға арналған жатақхана бой көтереді.
Кездесу барысында оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші даму жоспарын таныстырды.
Өз сөзінде Tirrena Costruzioni құрылыс компаниясының өкілдері серіктестік шеңберінде салынатын жатақхананың құрылысы сапалы болатынын және білім алушы жастардың игілігі үшін барлық жағдай қарастырылатынын атап өтті.
Келіссөз соңында тараптар құрылысқа қатысты құжаттарды жан-жақты пысықтауды және арнайы жұмыс тобын құруға уағдаласты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар


