ҚазҰУ студенттері қаланы тазарту жұмыстарына қатысты
                        23 наурыз, 2025                    
                
                Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 500-ге жуық студенті «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен «Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысты.
Іс-шара 23 наурыз - Тазару күніне орай ұйымдастырылды.

Оқу ордасының білім алушы жастары қаланың көшелерін және саябақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарына белсенді атсалысты.
Сонымен қатар жасыл аймақтар мен гүлзарларды ретке келтірді.
«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау болып табылады.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
                                
                                    20 қыркүйек, 2025                                
                            
                                
                                    20 қыркүйек, 2025