ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!Farabi University

ОРАЗА АЙТ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

30 наурыз, 2025

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

оқытушы-профессорлары, қызметкерлері мен

білім алушы жастары!

Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында:

«Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін», - деп атап өтті.

Айт мерекесі  бірлік пен татулыққа үндейтін, жүрегімізді мейірімге толтырып, жасампаздыққа жетелейтін ұлық мейрам. Айтулы күні арман-мақсаттарыңыз орындалып, мәртебелеріңіз биіктеп, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Айт қабыл болсын!

Ізгі ниетпен

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ